2026 жылғы 4 ақпанда Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Ж. Андабеков төрағалығымен өткен кеңесте қала мектептерінде дене шынықтыру және спортты дамыту мәселелері қарастырылды.
Аталған тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында 2026 жылғы 17 сәуірде Талдықорған қаласында әдістемелік бірлестік жетекшілеріне арналған семинар Абишев Жаннур Мұратұлы төрағалығымен ұйымдастырылды.
Семинар барысында білім беру ұйымдарында дене шынықтыру пәнін оқытудың заманауи әдістері мен тиімді тәсілдері, сондай-ақ білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған инновациялық тәжірибелер жан-жақты талқыланды.
Іс-шараға спикер ретінде педагогика ғылымдарының кандидаты, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық кафедрасының оқытушы-дәріскері Куракбаева Асыл Жексембаевна қатысты.
Семинар аясында қатысушыларға тәжірибелік ұсынымдар беріліп, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған мазмұнды баяндамалар ұсынылды.

