




24 сәуірде І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде орыс тілі мен әдебиеті пәні оқытушыларының VI Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияның тақырыбы: «XXI ғасырдағы орыс тілі мұғалімінің құзыреттілігін дамытудағы цифрландырудың рөлі».
Бұл ғылыми-тәжірибелік конференцияны орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы Жетісу облысы білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.
Конференция жұмысына мектеп мұғалімдері, колледж және ЖОО оқытушылары, магистранттар мен студенттер қатысты.
Пленарлық отырыста баяндама жасағандар:
- Меруерт Кебекқызы Абайдильданова (PhD, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті) – «Филологиялық білім берудегі заманауи цифрлық құралдар: әдістемелік әлеует және енгізу тәжірибесі»
- Оксана Вячеславовна Дорфман (Магнитогорск мемлекеттік техникалық университеті, РФ) – «Орыс тілін оқытуда жасанды интеллект технологияларын қолдану: нормативтік-құқықтық өлшем»
- Батима Мирамбайқызы Асмагамбетова (ЕҰУ, Қазақстан) – «Мәтін арқылы орыс тілін оқыту: дәстүр мен инновация»
- Жанар Қабдыляшымқызы Киынова және Әмина Қуатқызы Құрманқұлова (ҚазҰПУ, Қазақстан) – «https://auylschool.kz/ цифрлық білім беру платформасы – ауыл мұғалімдеріне әдістемелік қолдау ресурсы»
- Марина Чеславовна Гардукевич (БГПУ, Беларусь) – «Беларусь – Қазақстан: екі мәдениеттің диалогы (білім, ғылым, шығармашылық)»
- Елена Борисовна Амосова (Минск, Беларусь) – «Орыс тілі мұғалімінің кәсіби өсуінің ресурсы ретінде білім беруді цифрлық трансформациялау»
- Елена Рустамовна Филимонова (Талдықорған, Қазақстан) – «Оқытуға цифрлық технологияларды енгізу мәселелері»
Конференция аясында:
- «Мұғалімнің цифрлық идеялары» атты педагогикалық питч
- «Шетелдік және отандық тәжірибедегі цифрлық технологиялар» атты дөңгелек үстел өтті.
Жалпы конференция жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде ұйымдастырылды.

