Практиканың қорытынды конференциясы

30 сәуір күні «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттерінің өндірістік-педагогикалық практикасы бойынша қорытынды конференциялары өткізілді.

Конференция барысында білім алушылар практика кезеңінде атқарған жұмыстары бойынша есеп берді. Атап айтқанда, студенттер өткізген ашық сабақтарының фрагменттерінен бейнематериалдар ұсынып, тәрбие сағаттарының сценарийлері мен фотоматериалдарын таныстырды.

Қорғау барысында бекітілген комиссия мүшелері тарапынан студенттердің жұмыстарына қатысты сұрақтар қойылып, тиісті талқылау жүргізілді. Білім алушылар өз кезегінде қойылған сұрақтарға жауап беріп, кәсіби даярлық деңгейлерін көрсетті.

Қорытынды конференция нәтижесінде студенттердің өндірістік-педагогикалық практика барысында теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыра алғаны және кәсіби құзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейі айқындалды.

AI Assistant