Шетелдік әріптестің лебізі!

Құрметті ректор, оқытушы-профессорлар, ассистенттер және университет ұжымы!
Жетісу университетінде өткізген тамаша күндерім үшін шын жүректен алғысымды айтамын. Мен мұнда өзімді үйде жүргендей жайлы сезіндім.
Алматыға келген сәтімнен бастап, елден аттанғанға дейінгі барлық іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Университетте болған уақыт мен үшін өте құнды әрі әсерлі кезең болды. Мен тек академиялық ортада тәжірибе жинақтап қана қоймай, университет өмірінің ажырамас бөлігіне айналған түрлі іс-шараларға қатыстым. Әсіресе, мәдени шаралар қазақ мәдениетін тереңірек түсінуге үлкен ықпал етті. Сондай-ақ университет қызметкерлері мен профессорларының кәсібилігіне, қонақжайлылығына және қолдауына ерекше ризамын. Сіздердің барлығыңыз мен үшін керемет әсер қалдырдыңыздар. Мен екі университет арасындағы ынтымақтастыққа және студенттер алмасуының дамуына үлесімді қоса алдым деп үміттенемін.
Егер болашақта университетім тарапынан қайта келуге мүмкіндік берілсе, мен қуана –қуана келісемін.
Тағы да үлкен рақмет! Баршаңызға шығармашылық табыс, зор денсаулық және армандарыңыздың орындалуын тілеймін.
Құжаттар немесе ақпарат алмасу қажет болса әрдайым байланыстамын. Өкінішке қарай, қоштасатын уақыт келді. Аман-сау болыңыздар!

Ізгі тілекпен,
PhD Marco Fiorentini

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant