

Египет мемлекетінің Исмаилия қаласында ауыр атлетикадан жастар арасында Әлем чемпионаты өтті.
Байрақты бәсекеде Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенті Әскербай Әлихан 88 келіге дейінгі жаңа салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады.
Алихан жұлқа көтеру сайысында 161 келіні еңсеріп, күміс жүлдеге ие болды.
Ал серпе көтеруде 194 келіні бағындырып, қола медаль еншіледі.
Айта кетерлігі, жас спортшы зілтемірдегі 6 мүмкіндіктің барлығын сәтті пайдаланып, барлық салмақты сенімді түрде бағындырды.
Әскербай Әлиханды жарқын жеңісімен құттықтаймыз!
#SDG #ЦУР #ТДМ

