Египет мемлекеті Исмаилия қаласында ауыр атлетикадан жастар арасында Әлем чемпионаты өтті.
Аталған дүбірлі додада Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенті Әскербай Әлихан 88 келіге дейінгі жаңа салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.
Алихан жұлқа көтеру сайысында 161 келіні еңсеріп, күміс жүлдеге ие болды.
Ал серпе көтеруде 194 келіні бағындырып, қола медаль еншіледі. Айта кетерлігі, спортшы зілтемірдегі 6 мүмкіндіктің барлығын сәтті пайдаланып, бірде-бір мүмкіндігін мүлт жібермей, барлық салмақты сенімді түрде бағындырды.



