2026 жылы 25 наурыз күні Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы Хуанган Өнербек ТҚ-311 тобына жоспарлы ашық дәріс өткізді. Сабақ «Заманауи педагогикалық технологиялар» пәні аясында «Диалогтық оқыту – сапалы оқытудың ерекше әдісі» тақырыбында ұйымдастырылды.
Ашық дәріс барысында болашақ тарих пәні мұғалімдеріне қазіргі білім беру үрдісіндегі жаңа тәсілдер мен әдістер туралы мазмұнды ақпарат ұсынылды. Сабақ оқу үдерісін жаңаша ұйымдастыру жолдарын көрсетуге бағытталып, студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға ықпал етті.




