Дене шынықтыру және өнер факультетінің 6В01410 — Музыкалық білім (IP) білім беру бағдарламасының 1 курс МБ(IP) 111топ білім алушылары «23» ақпан 2026ж. – «21» наурыз 2026ж. аралығында «Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№2 орта мектеп» КММ мұғалім кәсібіне кіріспе (педагогикалық практика) өтті. 26.03.2026ж. осы аталған практика бойынша қортынды конференциясы болып өтті.
Мақсаты: Конференцияға практика жетекшілері, әдіскерлер және студенттер қатысты.
Конференция барысында білімгерлер өздерінің практика кезінде орындаған жұмыстары туралы баяндама жасады. Атап айтқанда:
- мектептің құрылымы және ішкі тәртібімен танысу;
- мұғалімнің күнделікті іс-әрекетін бақылау;
- сабақтарға қатысу және талдау жасау;
- сыныптан тыс тәрбиелік іс-шараларға қатысу;
- оқушылармен қарым-қатынас орнату тәжірибесі.
Білімгерлер өз баяндамаларында практика барысында алған әсерлерімен бөлісіп, мұғалім мамандығының жауапкершілігі жоғары екенін атап өтті. Сонымен қатар, сабақ жүргізудің әдіс-тәсілдері, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай жұмыс жүргізу жолдары туралы тәжірибе жинақтағандарын айтты.

