Халықаралық ғылыми тағылымдама

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті 8D01505 – География білім беру бағдарламасының докторанттары Нургазина А.С. пен Исабаев А.Т. 2026 жылдың 20 сәуірі мен 20 мамыры аралығында Гданьск университеті базасында халықаралық ғылыми тағылымдамадан өтуде. Тағылымдама Гданьск қаласында шетелдік ғылыми кеңесші профессор Ян А. Вентдтің жетекшілігімен жүзеге асырылуда.

Қазіргі таңда докторанттар халықаралық академиялық ортада ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсенді жүргізіп, тәжірибе алмасу бағытында бірқатар маңызды жұмыстар атқаруда. Тағылымдама аясында 2 курс студенттеріне «Ландшафтану» пәні бойынша дәріс оқылып, география ғылымындағы заманауи зерттеу бағыттары талқыланды.

Сонымен қатар, диссертациялық зерттеу жұмыстарының орындалу барысы сараланып, Польша мен Қазақстандағы білім беру жүйелерінің ерекшеліктерін салыстырмалы тұрғыда қарастыруға арналған ғылыми мақала әзірленуде.

Осы жұмыстардың жалғасы ретінде бүгін, 2026 жылғы 15 мамырда, Гданьск университеті базасында «Диссертациялық жұмысты жазудағы қиындықтар және оларды шешу жолдары» тақырыбында халықаралық ғылыми семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында докторанттар ғылыми баяндама жасап, зерттеу жүргізу үдерісіндегі өзекті мәселелер мен оларды шешудің тиімді жолдарын ұсынды. Аталған іс-шара халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтып, академиялық тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant