Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы А. Бұғыбаевтың жүлдесіне арналған республикалық жарыста І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенті Ераділ Ерасыл ІІ орын иеленді.
Ераділді жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Спорт жолындағы еңбегі мен табандылығы әрдайым биік белестерге жетелей берсін. Алдағы жарыстарда толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!



