«WorldSkills Zhetysu  – 2026» аймақтық кәсіби шеберлік конкурсы

Жетісу облысында «WorldSkills Zhetysu – 2026» аймақтық кәсіби шеберлік байқауы өтті. WorldSkills кәсіптік дағдылар бойынша әлемдік және ұлттық чемпионаттарды  ұйымдастыратын және әлемнің әртүрлі бөліктерінде екі жыл сайын өткізілетін, сонымен қатар кәсіптік дағдылар туралы конференцияларды өткізетін халықаралық сайыс.  «Zhansugurov College»-нен 2026 жылдың 12–15 мамыр аралығында «Бастауыш сыныптарда оқыту» құзыреттілігі бойынша WorldSkills Zhetysu 2026 аймақтық кәсіби шеберлік конкурсына білімгерлеріміз жоғары деңгейде дайындалып, өз білімдері мен жігерлерінің арқасында білікті жетекшілерінің қолдауымен өз белсенділіктерін танытты.  Конкурс болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін, шығармашылығын және педагогикалық шеберлігін дамытуға бағытталған.

Байқау барысында қатысушылар интерактивті жабдықтарды қолдана отырып сабақ фрагменттерін өткізу, сыныптан тыс іс-шара ұйымдастыру және мұғалімнің жеке сайтын құру бойынша өз білімдері мен тәжірибелерін көрсетті.

«Бастауыш сыныптарда оқыту» құзыреттілігі бойынша облыстың бас сарапшысы – І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Zhansugurov College»-нің арнайы пән оқытушысы Арчабаева Сания Жанатовна.

Сарапшылар алқасы қатысушылардың жұмыстарына әділ бағасын беріп, олардың кәсіби дайындық деңгейін жоғары бағалады.

Байқау қорытындысы бойынша:

І орын – Базарханова Амина,  «Zhansugurov College»-нің 4 курс студенті

Жетекшісі: Э. Аубакенова  

ІІ орын – Мейрамхан Аклима, «Zhansugurov College»-нің 2 курс студенті

Жетекшісі: А. Бағдатқызы

Қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттері мен заманауи білім беру технологияларын тиімді қолдана алатынын дәлелдеді. Конкурс жас мамандарға тәжірибе алмасып, кәсіби дамуға үлкен мүмкіндік берді.

Осындай білім мен шеберлікті шыңдайтын байқаулар болашақ педагогтердің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, кәсіби өсуіне жол ашады.

«Zhansugurov College»

Арчабаева С. Ж., Бағдатқызы А., Жаркенова А. Ж.