Халықаралық конференция

Педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Жанатбекова Назым Жанатбекқызы және PhD, оқытушы-дәріскер Абдулаева Әйгерім Бекмұханбетқызы 2026 жылғы 21–26 мамыр аралығында Корея Республикасының Сеул қаласында өткен The 2026 12th International Conference on Education and Training Technologies (ICETT 2026) халықаралық конференциясына қатысты.

Іс-шара «Ақпараттық білім беру ортасы жағдайында жұмыс істеу үшін болашақ физика мұғалімдерін даярлауды жетілдіру» (ЖТН AP22683901) гранттық жоба аясында жүзеге асырылды.

Конференция барысында қатысушылар білім беру және оқыту технологиялары саласындағы ғылыми зерттеу нәтижелерін ұсынып, халықаралық тәжірибемен танысты.

ICETT 2026 халықаралық конференциясы әлемнің түрлі елдерінен келген ғалымдар мен сарапшыларды біріктіріп, білім беру саласындағы заманауи үрдістер мен инновациялық шешімдерді талқылауға мүмкіндік берді.

Бұл сапар академиялық байланыстарды кеңейтуге және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.

#SDG #ЦУР #ТДМ