








19–21 мамырда Шымкент қаласында жеңіл атлетикадан U-23 жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа 17 облыс пен 3 қаладан 800-ге жуық спортшы қатысты.
Аталған жарыста І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенттері жоғары нәтижелер көрсетті:
Омар Айбол – 1500 м (І орын), 5000 м (І орын)
Болатбекқызы Айана – 1500 м (І орын), 800 м (І орын)
Тумарбекова Дагара – 10000 м (І орын)
Нұрмәмет Ақбаян – 1500 м (ІІ орын)
Тумарбекова Дагара – 5000 м (ІІІ орын)
Нұрмәмет Ақбаян – 800 м (ІІІ орын)
Болатбекқызы Айана Қазақстан Республикасының спорт шебері нормативін орындады.
Сондай-ақ Болатбекқызы Айана мен Нұрмәмет Ақбаян U-23 жастар арасындағы Азия чемпионатына жолдама алып, іріктеуден өтті. Азия чемпионаты шілде айында Қытай Халық Республикасының Ордос қаласында өтеді.
Жаттықтырушысы – Сепбосынов Еркен Маратұлы (Жетісу облысы жеңіл атлетика федерациясының президенті, аға жаттықтырушы, Дене шынықтыру және өнер факультетінің түлегі).
#SDG #ЦУР #ТДМ



