2026 жылғы 11 маусым І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Гуманитарлық факультеті, Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушы-дәріскерлері Калиева Бекзат Тынысбековна, Абиров Данияр Акпарович және Касымова Назым Бизолдақызы Талдықорған қаласындағы «№27 орта мектеп-гимназиясында» мұғалімдермен кездесу өткізді.
Бұл басқосуда университеттің магистратура бағдарламалары, соның ішінде 7М01601-Тарих мамандығы таныстырылып, педагогтерге жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу мүмкіндіктері жайлы толыққанды ақпарат берілді.
Кездесу барысында:
Магистратураға қабылдау талаптары егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Білім беру бағдарламаларының мазмұны мен оқу үдерісінің ерекшеліктері айтылды.
Ғылыми-зерттеу бағыттары мен тағлымдама мүмкіндіктері таныстырылды.
Гранттар мен оқу ақысы мәселелері қарастырылды.
Сонымен қатар қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, магистрлік білімнің кәсіби және ғылыми дамудағы маңызы жөнінде пікір алмасу ұйымдастырылды. Бұл іс-шара педагогтердің магистратураға қызығушылығын арттырды.

