Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

2026 жылдың 12 маусымында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және цифрлық трансформация: тәжіпие, мәселелер, перспективалар» деп аталатын халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы тарих ғылымдарының кандидаты, ардақты профессор Амангелді Камалович Катеновтың 80 жылдық мерейтойына арналды.

Ауқымды іс-шара аясында отандық және халықаралық сарапшылар заманауи цифрлық технологиялардың әлеуметтік-гуманитарлық салаларға ықпалын, білім беру жүйесін трансформациялау мәселелері мен осы бағыттың болашақ даму тенденцияларын кеңінен талқылады. Сонымен қатар, жиын барысында мерейтой иесі, профессор А.К. Катеновтың отандық ғылым мен білімнің өркендеуіне қосқан өлшеусіз үлесі мен ғибратты ғұмыры ұлықталды.

Конференцияның пленарлық мәжілісін І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор Бауржан Рыспекович Таубаев алғы сөзбен ашып, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрінің құттықтау сөзін жеткізді. Бағдарламаның негізгі бөлімінде тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Назгуль Кажимуратовна Байгабатова «Ученый, педагог, наставник: призвание длиною в жизнь (к 80-летию А.К. Катенова)» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады. Мерейтой иесін құттықтау және ғылыми қоғамдастық жұмысына қолдау көрсету мақсатында жиынға арнайы қонақтар қатысты. Олардың қатарында: ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарсы барлау бас басқармасының бұрынғы басшысы, Сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары Кадыржан Жумашевич Карабаев (Астана қ.); ҚР Парламенті Сенатының депутаты, тарих ғылымдарының кандидаты Амангелді Ғабдылкәрімұлы Есбай (онлайн); Жетісу облысы бойынша «Ақ жол» ҚДП филиалының төрағасы Ермек Молдакулович Егинбаев; География ғылымдарының докторы, профессор, Жетісу университетінің Биотехнология және экология ғылыми-зерттеу институтының директоры Куат Маратович Баймырзаев; Хакасия Республикасы Үкіметі төрағасының бұрынғы орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты, Хакасия мемлекеттік университетінің өкілі Ирина Геннадьевна Смолина (Абакан қ., онлайн); «Аманат» партиясының Жетісу облыстық филиалы төрағасының орынбасары Асхат Сейденұлы Досмұхамбетов болды. Шегиров Амангазы Ахметкалиевич – Еңбек ардагері.

Сонымен қатар, конференция барысында баяндамалар оқылды: «Условия формирования опыта творческой деятельности в подготовке будущих учителей» атты тақырыпта  онлайн баяндаманы Бережнова Елена Викторовна — Педагогика ғылымдарының докторы, Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының (университет) әлемдік әдебиет және мәдениет кафедрасының профессоры; «Стратегическое управление как основа профессионального становления будущего специалиста» атты тақырыпта баяндаманы Бекмагамбетова Роза Карпыковна – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, академик Халықаралық Педагогикалық білім беру ғылымдар академигі, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті; «Колониальный фронтир: история строительства военных линий Российской империи в северном регионе Казахстана во второй половине XVIII — первой трети XIX века». Атты тақырыпта баяндаманы Шалгимбеков Айбек Батырханович – Тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті, Қазақстан тарихы кафедрасының доценті.

Халықаралық деңгейдегі бұл басқосу ғалымдар, оқытушылар қауымы мен жас зерттеушілер үшін тәжірибе алмасатын маңызды алаңға айналды. Конференция қорытындысы бойынша айтылған өзекті ойлар мен зерттеулер негізінде ғылыми мақалалар мен баяндамалардың арнайы материалдар жинағы жарық көреді.

#SDG #ЦУР #ТДМ