Ғылыми бағдарлама аясында лудомания мәселесіне арналған халықаралық конференция
Ғылыми бағдарлама аясында лудомания мәселесіне арналған халықаралық конференция өтті
2026 жылғы 22 мамырда І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Лудомания: әлеуметтік сын-қатерлер, оған қарсы іс-қимыл стратегиялары және құмар ойындарды мемлекеттік реттеу» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференция Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі қаржыландыратын BR24992927 «Қазақстандағы лудоманияны интегративті зерттеу және оны азайтудың мультидисциплинарлық стратегиялары» ғылыми бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.
Конференция отандық және шетелдік ғалымдарды, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдерін, сондай-ақ психология, әлеуметтану, құқық, медицина, білім беру және әлеуметтік жұмыс салаларындағы сарапшыларды біріктірді. Қатысушылар ойын тәуелділігінің таралуының заманауи үрдістерін, тәуекел факторларын, құмар ойындар саласын мемлекеттік реттеудің халықаралық тәжірибесін, сондай-ақ лудоманияға шалдыққан адамдарды оңалту мен алдын алудың тиімді шараларын талқылады.
Ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру, заңнаманы жетілдіру, қоғамның хабардарлығын арттыру және ойын тәуелділігінің әлеуметтік салдарын азайтудың ғылыми негізделген тәсілдерін әзірлеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Конференция қорытындысы бойынша профилактикалық шараларды күшейту, пәнаралық зерттеулерді дамыту және лудоманияға қарсы іс-қимыл саласында ғылыми қауымдастық, мемлекеттік құрылымдар мен азаматтық қоғам институттары арасындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі ұсынымдарды қамтитын резолюция қабылданды.
Конференция өзекті әлеуметтік мәселелердің бірі болып табылатын ойын тәуелділігін зерттеу және оның шешу жолдарын іздестіру бағытындағы кәсіби диалог пен күш-жігерді біріктірудің маңызды алаңына айналды.
