Бөрібаев Ермек Әбілтайұлы ҚР профессор-оқытушылар бас рейтингі бойынша ТОП-50 еніп, 10-орынды иеленді!

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR) жүргізген Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамының бас рейтингі нәтижелері бойынша І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ғалымы, з.ғ.д., профессор Ермек Әбілтайұлы Бөрібаев ТОП-50 үздік ПОҚ қатарына еніп, еліміздің көрнекті оқытушы-ғалымдары арасында 10-орынды иеленіп отыр.

Университет ұжымы Ермек Әбілтайұлын шын жүректен құттықтап, университеттің дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдіреді!

https://iaar.agency/rating/1/0/2026

#SDG #ЦУР #ТДМ