Академиялық ұтқырлық – кәсіби дамуға бастар жол

                        Мұхтар Ақбота – Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің журналистика білім беру бағдарламасының 2-курс студенті. 2025–2026 оқу жылының екінші семестрінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Түркия мемлекетінің Нийде қаласындағы Нийде Өмер Халисдемир университетінде білім алу мүмкіндігіне ие болды. Бұл кезең оның жаңа білім мен тәжірибе жинақтауындағы маңызды белестердің бірі болды. Шетелде оқу барысында ол кәсіби білімін жетілдіріп қана қоймай, халықаралық ортада өзін дамытуға мүмкіндік алды. Шет елдерден келген студенттермен бірге білім алып, мәдени және академиялық тәжірибе алмасты. Сонымен қатар, Түркияның білім беру жүйесімен танысып, заманауи оқу әдістерін меңгерді. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы оның дүниетанымын кеңейтіп, болашақ мамандығына деген қызығушылығын арттырды.Ақбота бұл тәжірибені өзінің кәсіби және тұлғалық дамуына үлкен үлес қосқан маңызды кезең ретінде бағалайды. Ол осындай мүмкіндік сыйлаған университеті мен оқытушыларына алғысын білдіреді.