СЛУПСК ҚАЛАСЫНДАҒЫ ПОМОР УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ӨТКЕН ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМА
2026 жылғы 02-10 маусым аралығында «BR24993269 – Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақстандық қоғамның құндылық бағдарларының эволюциясы және трансформациясы» бағдарламасының зерттеу тобы – Нурбаева А., Шүкенай Г., Исатаева А., Әбдіманап Ш. Польша Республикасы Слупск қаласындағы Помор университетінен ғылыми тағылымдамадан өтті.
Ғылыми тағылымдаманың мақсаты – қоғамдағы құндылықтар жүйесінің эволюциясы мен трансформациясын зерттеу бағытында халықаралық ғылыми тәжірибені зерделеу, шетелдік ғалымдармен академиялық байланыстарды нығайту, гуманитарлық ғылымдар саласындағы заманауи зерттеу әдістерімен танысу және зерттеу құзыреттіліктерін дамыту.
Ғылыми тағылымдама барысында зерттеу тобы 2026 жылғы 03-04 маусымда Помор университеті Абай орталығының ұйымдастыруымен өткен «Абай оқулары: Абай оқулары: Еуразиялық кеңістіктегі Қазақстан мәдениетінің тарихы мен болашағы» халықаралық ғылыми семинарына қатысып, бағдарлама аясында жүргізілген зерттеулері бойынша баяндама жасады. Семинарда ұлттық құндылықтар, тарихи сана, мәдени бірегейлік, қоғамдық өзгерістер жағдайындағы рухани бағдарлардың трансформациясы мәселелері бойынша ғылыми пікір алмасулар жүргізілді. Сонымен қатар зерттеу тобы Помор университетінің ғылыми-білім беру ортасымен танысып, халықаралық жобаларды жүзеге асыру тәжірибесін, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру ерекшеліктерін және пәнаралық зерттеу тәсілдерін зерделеді.
Ғылыми тағылымдама жас зерттеушілер үшін құнды кәсіби даму алаңына айналып, маңызды тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берді.











