




























2026 жылғы 26 маусымда І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде колледж түлектеріне арналған «Сәт сапар, жас түлек!» атты диплом табыстау салтанаты өтті.
Салтанатты жиында Басқарма Төрағасы – Ректор Ермек Бөрібаев оқудағы үздік жетістіктерімен, қоғамдық белсенділігімен ерекшеленген студенттерді «Үздік диплом», «Үздік түлек» төсбелгілерімен және Алғыс хаттармен марпаттады. Сонымен қатар, оқу, ғылым, спорт және қоғамдық жұмыстарда жоғары нәтижелер көрсеткен білім алушылардың жетістіктері ерекше аталып өтті.
Диплом табыстау рәсіміне қатысқан Жетісу облысы Жеке сот орындаушылары өңірлік палатасы басшысының орынбасары Ә. Хаймулданов, колледж директоры Б. Ескендиров, сондай-ақ №45 «Арман» балабақшасының меңгерушісі Ұ. Мамекова түлектерге ізгі тілектерін білдірді.
Құқықтану, негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі және мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандықтарының түлектері диплом иегері атанды.
Ата-аналардың жүрекжарды лебіздері мен түлектердің музыкалық тартулары мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Диплом табыстау рәсімі – жас мамандардың өміріндегі маңызды белес. Колледж ұжымы барлық түлектерге жарқын болашақ, кәсіби табыс, толағай жетістік, ел игілігі жолында жемісті еңбек тілейді.
Сәт сапар, жас түлек!
#SDG #ЦУР #ТДМ

