🎓 Жетісу университетінде Дене шынықтыру және өнер факультетінің түлектеріне диплом табыстау рәсімі өтті.

⚜️ Салтанатты жиында әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректор Болат Сериев түлектерді маңызды белеспен құттықтап, олардың алдағы еңбек жолында кәсіби біліктілігімен қатар, спорттағы табандылығы мен шығармашылық әлеуеті де үлкен жетістіктерге жетелейтінін атап өтті.

⚜️ Университет қабырғасында қалыптасқан білім мен тәжірибе жастардың жарқын болашағына берік негіз боларына сенім білдірді.

⚜️ Факультет студенттері оқу жылдарында біліммен қатар спортта да жоғары жетістіктерге жетіп, университеттің абыройын республикалық және халықаралық жарыстарда асқақтатты. Осы орайда спорт саласында үздік нәтиже көрсеткен түлектер «Спорт саласына қосқан үлесі үшін» төс белгісімен марапатталды.

Жалпы Дене шынықтыру және өнер факультетін 295 студент бітірсе, оның 7-уі үздік диплом иегері атанды.