2026 жылғы 25–29 маусым аралығында Филиппин Республикасының Манила қаласында самбодан ересектер арасындағы Азия және Океания чемпионаты өтті.
Аталған халықаралық додада І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенті Анель Қайратқызы 72 келі салмақ дәрежесінде барлық қарсыласын сенімді жеңіп, алтын медальді иеленіп, Азия және Океания чемпионы атанды.
Бұл жеңіс – студентіміздің қажырлы еңбегі мен жоғары дайындық деңгейінің жарқын жемісі. Анель Қайратқызын айтулы жетістігімен шын жүректен құттықтап, алдағы жарыстарда да толағай табыстарға жетіп, биік белестерді бағындыруына тілектестік білдіреміз!






