ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРГЕ

ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРГЕ

Құрметті жұмыс берушілер!

Бүгінгі таңда І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті білім мен ғылым, мемлекеттік басқару, экономика мен әлеуметтану, заң, мәдениет пен өнер салалары бойынша білікті кадрлар дайындауды жүзеге асырады. Университет ҚР дамуына үлес қосатын, бәсекелесуге қабілетті, жоғары білімі бар жас мамандарды дайындайды.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті білімгерлері халықаралық білім және ғылым стандартарына сай білім алады.

Біз жұмыс берушілерге мыналарды ұсынамыз:

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің сайтындағы мәліметтерді пайдалану арқылы бос жұмыс орындарына үміткерлер іздеуді; білімгерлерге сіздің ұйымыңыздың презентациясын көрсету мүмкіндігін; ЖУ-нің бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысуды; білімгерлер мен түлектерге мансапты құру мәселелері бойынша дәрістер оқу мүмкіндігін ұйымдастыруды; Бірлесіп кездесулер өткізу, презентация, семинар, конференция, тренингтер және дөңгелек үстелдер өткізуді. ЖУ-дегі іс-шараларға қатысуды.

Мансап және жұмысқа орналастыру орталығымен, факультеттермен  ынтымақтастық – бұл сіздің ұйым мен ЖУ арасындағы толық деңгейлі серіктестік қатынасты қалыптастырудағы бірінші қадам.