ЖЕТІСУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМЫ СЛОВАКИЯДА ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТТІ

2026 жылғы 2–12 шілде аралығында Жетісу университетінің Ғылымметрия және ғылыми кадрларды даярлау бөлімінің басшысы, AP26102759 «Қаратал өзені экожүйесінің флорасы мен фаунасының жекелеген көрсеткіштеріне және судың сапасына мұздықтардың физика-химиялық және биологиялық ластануының әсерін зерттеу»  ғылыми жобасының жетекшісі Оксикбаев Берикжан Қылышбековичы Словакия Республикасының Жилин университетінің Биік таулар биологиясы институтында ғылыми тағылымдамадан өтті.

Тағылымдама барысында өзен суларының құрамындағы уытты заттарды фитотестілеу әдістері арқылы анықтау бағытында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізіліп, су сапасын бағалаудың заманауи әдістері меңгерілді. Сонымен қатар, қазақстандық және словакиялық ғалымдар халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту және бірлескен жарияланымдар әзірлеу мәселелерін талқылады.