12–20 шілде аралығында Алматы қаласында джиу-джитсудан ересектер арасында Азия чемпионаты өтті. Аталған жарыста І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенті Кенжебай Дарын 62 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, III орын иеленді.
Дарынды Азия чемпионатындағы жүлделі орнымен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда толағай табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!



