Құттықтаймыз!

Ташкент қаласында жастар арасында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтуде.
Аталған жарыста І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенті Ақжол Құрманбек 85 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.
Жарыс нәтижесінде Ақжол Құрманбек жұлқа көтеруде 160 келіні, серпе көтеруде 198 келіні бағындырып, жалпы есепте 359 келі нәтиже көрсетті.
Студентімізді Азия чемпионатындағы жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда толағай табыс, жаңа жетістіктер мен биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз!

#SDG #ЦУР #ТДМ