Құттықтаймыз!

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Физика-математика факультеті, Физика және математика кафедрасын кезекті жарқын жеңісімен және жоғары жетістіктерімен құттықтаймыз!
Білім сапасын қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз агенттіктің (IQAA RANKING) 2026 жылғы Қазақстан жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары рейтингінің қорытындысы бойынша университет бағдарламалары үздіктер қатарынан көрінді:
1-орын — «D011 Физика педагогтерін даярлау» докторантура бағдарламалар тобы (еліміз бойынша ең үздік дайындық деңгейін дәлелдеді);
2-орын — «B009 Математика мұғалімдерін даярлау» бакалавриат бағдарламалар тобы;
3-орын — «B010 Физика мұғалімдерін даярлау» бакалавриат бағдарламалар тобы.
Бұл нәтиже — кафедраның профессор-оқытушылар құрамының аянбай еткен еңбегінің, жоғары ғылыми-педагогикалық әлеуетінің және білім сапасына деген адалдығының айқын көрінісі.
Университет ұжымын, оқытушылар мен студенттерді осы айтулы қуанышпен құттықтай отырып, ғылым мен білім жолында жаңа белестер мен толағай табыстар тілейміз!