Дене шынықтыру және өнер факультетінің оқытушы-дәріскері Б. Сарсенбаев ДШҚ-111, ДШҚ-112 және ДШҚ-113 топтарының студенттеріне университет музейіне танымдық экскурсия ұйымдастырды. Экскурсия барысында студенттер университеттің құрылу тарихымен, даму кезеңдерімен, айтулы жетістіктерімен және құнды жәдігерлерімен танысты. Танымдық іс-шара студенттердің университет тарихына деген қызығушылығын арттырып, білім ордасына деген құрмет сезімін қалыптастыруға ықпал етті.

