Дене шынықтыру және өнер факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары А. Байзакова 1-курс студенттеріне кітапхана жұмысын таныстыру мақсатында арнайы экскурсия ұйымдастырды. Іс-шара барысында студенттер кітапхананың қызмет көрсету тәртібімен, кітап қорымен, оқу залдарының жұмысымен және электрондық ресурстарды пайдалану мүмкіндіктерімен танысты. Сонымен қатар білім алушыларға қажетті оқу әдебиеттерін іздеу, кітаптарды алу және электрондық кітапхана жүйесін тиімді пайдалану жолдары түсіндірілді. Экскурсия студенттердің оқу үдерісінде кітапхана ресурстарын белсенді әрі тиімді қолдануына бағытталды.

