Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы

Физика-математика факультетінің «6В01512 – Физика (IP)» білім беру бағдарламасының 3-курс ФП-311 тобының студенті Нурдана Өміржанова сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 2026–2027 оқу жылының бірінші жартыжылдығында Венгриядағы Дебрецен университетінде (University of Debrecen) білім алуда.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасының негізгі мақсаты – білім алушының кәсіби білімі мен тәжірибесін жетілдіру, халықаралық деңгейде білім алуына мүмкіндік беру, шетелдік жоғары оқу орнының оқыту жүйесімен таныстыру, сондай-ақ шет тілін меңгеру мүмкіндігін кеңейту.

Бағдарлама аясында білімгер физика саласындағы пәндерді меңгеріп, заманауи білім беру технологиялары мен ғылыми-зерттеу бағыттары бойынша тәжірибе жинақтайды.

#SDG #ЦУР #ТДМ