


2026 жылғы 9–12 қыркүйек аралығында Чехияның Пльзень қаласында «Pilsen 2026 World Boccia Challenger» халықаралық турнирі өтті.
Аталған турнирде І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенті Қуаныш Асқарбеков жоғары шеберлік танытып, чемпион атанды.
Финалдық кездесуде Қуаныш украиналық спортшы Володимир Ройконы 10:0 есебімен айқын жеңіп, алтын жүлдені иеленді.
Қуаныш Асқарбековті айтулы жеңісімен шын жүректен құттықтап, толағай табыс тілейміз!
#ЦУР #SDG #ТДМ

