«Webometrics Ranking of World Universities» (Вебометрикс) университеттік веб-сайттарының рейтингін Испанияның «Laboratorio de Internet» зерттеу тобы өткізеді, ол Интернет желісіндегі білім беру және ғылыми қызметті зерттеумен айналысады.
Webometrics — университет сайтының және оның зерттеуші ғалымдарының Scopus және Google Scholar ғылымметриялық жүйелеріндегі жарияланымдарының қажеттілігін ескеретін біріктірілген көрсеткішке негізделген жаһандық рейтинг.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында жарияланған Webometrics — Ranking Web of Universities университеттерінің әлемдік рейтингінде Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті әлемнің 200-ден астам еліндегі 32 000-нан астам ЖОО арасында 9127 позицияны, ал Қазақстанның 124 ЖОО арасында 48 позицияны иеленді.
Алдыңғы рейтинг кезеңінде университет 19176 орында болған. 10 000-нан астам орындық позицияның жақсаруы — университеттің Интернет кеңістігінде онлайн қатысуын нығайту және оның имиджін жақсарту бойынша қарқынды жұмыстардың нәтижесі.
Халықаралық рейтингтерге қатысу Жетісу университетінің әлемдік ғылыми кеңістікте белсенділігін арттыруға , халықаралық білім беру ортасына ықпалдасуына және жаңа перспективалар ашуына мүмкіндік береді.
Ақпарат көзіне сілтеме: https://www.webometrics.org/zhetysu-university-i-zhansugurov-Жетысуский-университет-И-Жансугурова
#ЦУР #SDG #ТДМ

