2026 жылдың 16 қыркүйек І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Гуманитарлық факультеті, тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының «Тарих және қоғамтану» (IP)
3-курс білімгерлеріне топ кураторы Д.Г. Қаратаева ашық кураторлық сағат өткізді. Студенттердің университеттегі оқу үдерісіне қатысты мәселелеріне назар аударылып, сабаққа қатысу тәртібі, оқу ақысы, үлгерім, білім сапасы және жеке тұлғалық даму бағыттары сөз болды.
Сонымен қатар білімгерлердің оқу барысындағы жауапкершілігі, белсенділігі мен өз мүмкіндіктерін дамытуы жөнінде пікір алмасты..
Мұндай ашық форматтағы кураторлық сағаттар білім алушылар мен куратор арасындағы өзара байланысты нығайтып, студенттік мәселелерді бірлесіп талқылауға мүмкіндік береді.



