2026 жылдың 16 қыркүйек күні Гуманитарлық факультет, Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндері кафедрасының ұйымдастырумен тәжірибе алмасу мақсатында Södertörn University (Стокгольм) тарих ғылымдары бойынша қауымдастырылған профессор Yulia Gradskovaмен халықаралық ғылыми семинар болып өтті.


Семинар барысында әйел адамдардың Қырғи қабақ соғысқа дейінгі ашық-саяси қоғамдық өмірге еркін бейімделуі туралы маңызды зерттеу жұмысымен бөлісті. Ғылыми семинарға Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндері кафедрасы және гуманитарлық факультетінің оқытушылары және магистранттары қатысты.



