
















Бүгін І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры Ермек Бөрібаев студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының өкілдерімен кездесті.
Кездесуге «Sanaly Student» студенттік парламентінің, «Enactus Zhetysu» командасының, клубтардың жетекшілері мен мүшелері, студенттік декандар және студенттік белсенділер қатысты.
Кездесу барысында Басқарма төрағасы университеттің басым бағыттары мен рейтингіне тоқталып, уақыттың және қазіргі әлемдегі ең құнды ресурс – білімнің маңыздылығы жөнінде құнды ақпарат берді. Сонымен қатар университет мәдениеті мен беделі, жастардың жауапкершілігі, лудомания мен зиянды әдеттердің алдын алу мәселелері туралы өз ойларымен бөлісті.
Кездесу соңында «Sanaly Student» студенттік парламентінің жетекшісі, ЖҚ-441 тобының студенті Бейсембек Айбек ректорға студенттермен ашық диалог орнатып, маңызды ақпараттармен бөліскені үшін алғысын білдірді.
Өз кезегінде Ермек Әбілтайұлы мұндай еркін форматтағы кездесулердің алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.
#SDG #ЦУР #ТДМ

