«Адалдық – әділ қоғамның негізі» студенттермен кездесу

Бүгін Жетісу университетінде «Адалдық – әділ қоғамның негізі» тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы кездесу өтті.

Іс-шараны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті және «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі бірлесіп ұйымдастырды.

Университеттің Басқарма төрағасы – ректор, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жетісу облысы бойынша төрағасы Ермек Бөрібаев кездесудің еркін форматта өтетінін айтып, студенттерді ашық сұрақ қойып, өз пікірлерін еркін білдіруге шақырды.

Жиынға Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Манап Қобылан қатысты. Ол мемлекеттік қызметтің ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы айтып, «Заң мен тәртіп» қағидаты, адалдық пен әділдік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жайында сөз қозғады.

Студенттер спикерге мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі және өздерін қызықтырған басқа да мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, жауап алды.

Кездесудің негізгі мақсаты – жастар арасында адалдық пен парасаттылықты дәріптеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және заң мен тәртіпті құрметтейтін қоғам құру.

#SDG #ЦУР #ТДМ