2026 жылғы 19 қыркүйекте Дене шынықтыру және өнер факультетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері Дүниежүзілік тазалық күніне орай ұйымдастырылған жалпыоблыстық сенбілікке қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар аумақты қоқыстан тазартып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты.

