











«Таза Қазақстан» – таза орта, ортақ жауапкершілік
Бүгін Жетісу университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған Жалпыұлттық сенбілікке белсене қатысты.
Сенбіліктің басты мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, табиғатты аялау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоғам мүшелерін туған өлкенің көркейіп, көгалдануына үлес қосуға шақыру.
Сенбілік барысында:
- университет аумағы қоқыстан тазартылды;
- қураған шөптер жиналып, аумақ ретке келтірілді;
- қала көшелеріндегі арықтарды тазалау жұмыстары жүргізілді;
- қоғамдық орындардың тазалығы мен абаттандырылуына үлес қосылды.
Сенбілікке университеттің профессор-оқытушылары мен студенттерінің бірлесе қатысуы – таза әрі жайлы ортаны қалыптастыру ортақ міндет екенін көрсетті.
Іс-шара барысында университет кәсіподағы тарапынан сенбілікке қатысушыларға ыстық бауырсақ пен ауызсу ұсынылып, еңбек етіп жүрген жандарға қолдау көрсетілді.
«Таза Қазақстан» – тек тазалық акциясы емес, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға, қоғамдық мәдениетті арттыруға және елді мекендерді көркейтуге бағытталған маңызды бастама.
Тазалық – әрқайсымыздан басталады!
Бүгінгі игі іс – ертеңгі таза әрі көрікті ортаның негізі.
#SDG #ЦУР #ТДМ

