«Таза Қазақстан» – таза орта, ортақ жауапкершілік

«Таза Қазақстан» – таза орта, ортақ жауапкершілік

Бүгін І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Жаратылыстану-техникалық факультетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған Жалпыоблыстық сенбілікке белсене қатысты.

Сенбіліктің басты мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, табиғатты аялау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және жастарды туған өлкенің көркейіп, көгалдануына өз үлесін қосуға баулу.

Жаратылыстану-техникалық факультетінің ұжымы сенбілік барысында аумақты тазалау және абаттандыру жұмыстарына белсенді атсалысып, қоршаған ортаға деген жауапкершіліктің үлгісін көрсетті.

🌿 Таза орта – жарқын болашақтың кепілі!
♻️ Тазалық әрқайсымыздан басталады!