«ADAY» білім орталығының ұйымдастыруымен «Күй – құдіретті әуез. Әуендер әлемі» атты әуенді республикалық байқау өтті.
Аталған байқауда І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенттері Сайлаубай Сағдат Бағдатұлы, Мәдениетұлы Ерулан және Маукен Асқар жоғары шығармашылық қабілеттерімен көзге түсіп, І орын иеленді.
Жетекшісі – Оңғарбаева Слушаш Сабитовна.
Жеңімпаздарымыз бен жетекшісін жетістіктерімен құттықтап, алдағы шығармашылық жолдарына толағай табыс тілейміз!




