Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Цюрих университеті докторанттарының зерттеулері: тәжірибе мен тәсілдері» тақырыбында ғылыми семинар өтті.

2026 жылдың 07 қыркүйек күні Гуманитарлық факультетте Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Цюрих университеті докторанттарының зерттеулері: тәжірибе мен тәсілдері» тақырыбында ғылыми семинар өтті.

Спикерлер – аталған университеттің әлеуметтік антропология және мәдениеттану департаменті докторанттары Г.Туленова және Ә.Қашаганова өз зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісті. Ғылыми семинарға факультет оқытушыларымен докторанттары және магистранттар қатысып, ғылыми ізденіс жұмыстарының жаңа зерттеу әдістерімен танысып қызықты мағлұматтар алды.