


UI GreenMetric World University Rankings 2026 рейтингіне әлемдегі 110 мемлекеттен 2016 университет қатысты. Рейтингтің мақсаты — бүкіл әлем бойынша университеттердің тұрақты дамуы мен институционалдық жетілдірілуін бағалау. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті өзінің тұрақты дамуын тағы бір мәрте дәлелдеп, UI GreenMetric World University Rankings 2026 рейтінгі нәтижелері бойынша әлемде 724-орынды, Қазақстанның 41 ЖОО арасында 10-орынды иеленді.
Университет ұжымын тұрақты даму және сапаны қамтамасыз ету саласындағы жүргізген мақсатты саясатының нәтижелерімен құттықтаймыз және одан да жоғары жетістіктер тілейміз!
https://uigreenmetric.com/rankings/university/overall-rankings-2026
#SDG #ЦУР #ТДМ

