САНАЛЫ ТАНДАУ – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМНЫҢ КЕПІЛІ
♦️ 21 қыркүйек күні І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Гуманитарлық факультет Қазақ тілі мен әдебиеті ББ 3-курс студенттерімен лаңкестік пен экстремизмнің алдын алуға бағытталған кураторлық сағат өткізілді.
♦️ Эдвайзер Есимбекова Динара Болатқызының ұйымдастыруымен өткен кездесуде жастардың ақпараттық қауіпсіздігі, радикалды идеологиядан сақтану, әлеуметтік желідегі ақпаратты сыни тұрғыдан бағалау мәселелері қозғалды.
♦️ Тақырыпты тереңірек түсіну мақсатында студенттерге «Бостандықтан айырған батырма» деректі фильмі көрсетілді. Фильмнен кейін студенттер өз пікірлерін білдіріп, ой бөлісті.
