





Жетісу университетінде «Мамандығым – болашағым» жобасы аясында «Өңірлік кадрларға қажеттілік картасы негізінде білім беру шешімдерін әзірлеу» тақырыбында әдістемелік семинар өтті.
Іс-шараға Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының, облыс әкімдігінің, білім және жұмыспен қамту басқармаларының өкілдері, университет басшылығы, жұмыс берушілер, колледждер мен өңір ұйымдарының өкілдері қатысты.
Семинарды Жетісу университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Ермек Бөрібаев ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы директорының орынбасары Олжас Сәкенов Жетісу университеті жобалық офисті алғашқылардың бірі болып ашып, өңірлік кадрларға қажеттілік картасын бірінші болып әзірлегенін атап өтті.
Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ермек Мизамбаев өңірдің еңбек нарығындағы қазіргі және перспективалық кадр қажеттілігіне тоқталды. Облыстық Кәсіпкерлер палатасының төрағасы Дәурен Оналбаев жұмыс берушілердің жас мамандарға қоятын талаптары туралы айтты. «Мамандығым – болашағым» бағдарламасы офисінің басшысы Марина Скиба өңірлік кадрларға қажеттілік карталары мен жаңа мамандықтар атластары негізінде білім беру бағдарламаларын трансформациялау бағыттарын таныстырды.
Семинар барысында панельдік пікірталас пен топтық жұмыстар өткізіліп, білім беру бағдарламаларын еңбек нарығының сұранысына сай жаңарту, жұмыс берушілермен байланысты күшейту, өзекті мамандықтар мен жаңа құзыреттерді ескеру мәселесі талқыланды.
#ЦУР #SDG #ТДМ

