І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде студент жастардың құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттыру, этносаралық өзара іс-қимылды нығайту, сондай-ақ «өшпенділік тілінің» алдын алу мақсатында «Құқық.Диалог.Медиа.Құрмет» атты зияткерлік квесті өтті. Квестке гуманитарлықт факультеттен «Жеті жарғы» командасы қатысты. Білімділік, тапқырлық және командалық бірлік таныта білген «Жеті жарғы» командасы 2 орын иеленді.



