СЫРТҚЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ

2026-2027 оқу жылынан бастап Жетісу университетінің студенттері алғаш рет Түркия Республикасының Хатай Мустафа Кемаль университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алып жатыр. Жаңа академиялық бағыт екі жоғары оқу орны арасында жасалған ынтымақтастық туралы меморандум аясында жүзеге асырылып отыр. 

Жаңа оқу жылының бірінші жартыжылдығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша университеттің 9 білімгері Хатай Мустафа Кемаль университетінде білім алуда. Олардың қатарында «Шетел тілдері (IP)» білім беру бағдарламасының білімгерлері Д.Жумаділ, Е.Ерсайынұлы, Ш.Айдынқызы, «Математика-Информатика» білім беру бағдарламасының білімгерлері А.Камен, А.Сарқытбаева, «Химия (IP)» білім беру бағдарламасының білімгерлері Н.Хабибуллаев, А.Қилыбек, А.Ақашева, «География (IP)» білім беру бағдарламасының білімгері Б.Тұрарбек  бар.

Сапар барысында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің білімгерлерін Хатай Мустафа Кемаль университетінің профессоры, докторы Вейсел Эрен жеке қабылдады. Ректор қазақстандық студенттерге оқу барысында табыс тілеп, олардың университеттің академиялық және қоғамдық өміріне белсенді араласуына қолдау білдірді.

Өз кезегінде білімгерлер Хатай Мустафа Кемаль университетіндегі оқу үдерісімен және университет инфрақұрылымымен танысып, жаңа академиялық ортада білім алуға мүмкіндік алғанын атап өтті. Академиялық ұтқырлық білім алушыларға шетелдік университеттің білім беру ортасына еніп, таңдаған мамандығы бойынша білімін тереңдетуге және кәсіби құзыреттерін жетілдіруге мүмкіндік береді.

#SDG #ЦУР #ТДМ