СЫРТҚЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҒЫ

Гуманитарлық факультетінің  3-курс студенті Ш.Ержанқызы, Б. Есболатова,  Ж. Әбділмұратқызы, Т.Сейілхан,  Д.Серікханқызы, А.Аяпова академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Түркияның Нийде Омер Халисдемир университетінде білім алып жатыр.      

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы студенттерге шетелдік жоғары оқу орнында білім алу арқылы кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға, әлемдік білім беру тәжірибесімен танысуға және жаңа оқу ортасына бейімделу арқылы өз мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады.

Сондай-ақ, олар  түрік тілін жетілдіреді, түркітілдес халықтардың тілі мен әдебиетін зерттеу бағытындағы ғылыми еңбектермен танысады. Түркі әлемінің мәдени және тілдік ортақ құндылықтарын тереңірек меңгеріп, халықаралық білім беру жүйесінің ерекшеліктерімен танысып, мәдениетаралық қарым-қатынас орнату және кәсіби бағыттағы заманауи тәжірибелерді меңгеру мүмкіндігіне ие болады.

#SDG #ЦУР #ТДМ