

























І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде 1 қазан – Қазақстан Республикасының Жоғары білім қызметкерлері күніне және Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз – ұлы тұлға» атты салтанатты жиын өтті.
Білім мен ғылым саласында еңбек етіп жүрген оқытушы-профессорлар мен университет қызметкерлеріне құрмет көрсетілген шарада ұстаз еңбегінің қоғам дамуындағы маңызы айрықша аталды.
Университет қызметкерлерін Басқарма мүшесі – әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректор Болат Сериев құттықтап, білім беру жүйесін дамытуға үлес қосып, кәсіби міндеттерін абыроймен атқарып жүрген бірқатар қызметкерлерге университет ректорының және Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының, Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағының Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын табыстады.
Салтанатты жиында ұрпақ тәрбиесіне сан жылдарын арнаған білім ордасының ардагер ұстаздарына да ерекше құрмет көрсетілді.
Мерекелік кеш облыстық филармония әншілері мен университет студенттері, қызметкерлері әзірлеген концерттік бағдарламаға ұласты.
Білім ордасының кәсіподақ ұйымы мерекелік фуршет ұйымдастырып, қызметкерлерге ықылас көрсетті.
Барша жоғары білім саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз жемісті болып, шәкірттеріңіз биіктен көріне берсін!
#ЦУР #SDG #ТДМ



















