І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 205а аудиториясында ЖҚ 212 топ білімгерлері куратор Ілескен Әлбатырұлымен бірге әлеуметтік желідегі қауіпсіздік жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Басты мақсат – әлеуметтік желілерде қауіпсіздік ережелерін сақтап, әр салынған жазбаны ойланып жүктеуді түсіндіру. Кураторлық саяғат аясында «Шымкент қаласының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тапсырысы бойынша түсірілген «Бостандықтан айырған батырма» атты бейнеролик назарға ұсынылды. Оқытушы бүгінгі жаһандану кезеңінде бір батырманың бір тағдыр мен өмірді тас-талқан ететінін шегелеп тұрып көрсеткен видео талқыланып, білімгерлерге қашанда қырағы болуды насихаттады.



