Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент), педагогика ғылымдарының кандидаты Аңсабаев Дүйсен Сандыбайұлы Кербұлақ ауданы Сарыөзек кентіндегі орта мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар жұмыстарын жүргізді. Кездесуде оқушылар оқыған кітаптары мен жаттаған өлеңдерін ортаға салды, ақындардың өлеңдерінің басын бастап, оқушылар жалғастырып, Дүйсен Сандыбайұлының өлеңдерімен әдеби-монтаж өткізді. Кездесу соңында Жетісу университеті жайлы ақпарат беріліп, имидждік өнімдер үлестірілді.

